Мазмұнға өту
Полисті тексеру Сақтандыру жағдайы
Жеке кабинет

Жазатайым оқиғалар

Жазатайым оқиға кезіндегі қаржылық қорғаныс — өзіңізге, жақындарыңызға немесе қызметкерлерге. Қайтыс болған немесе мүгедектік белгіленген кезде сақтандыру сомасының 100%-ына дейін төлем.

Несчастные случаи
Толығырақ

Мигранттарды медициналық сақтандыру

Қазақстандағы шетел азаматтарына арналған медициналық қорғаныс: уақытша болатын шетелдіктерді міндеттелген медициналық сақтандыру. Шарт 12 айға дейін, жалпы лимит 150 АЕК.

Медицинское страхование мигрантов
Толығырақ

Жеке нотариустардың АҚЖМС

Нотариаттық әрекеттер нәтижесінде зиян келтірілген кезде клиенттердің мүліктік мүдделерін міндетті қорғау. Қазақстан Республикасының жеке нотариустары үшін, электрондық полис.

ОГПО частных нотариусов
Толығырақ

Лизингтегі / кепілдегі техниканың КАСКО

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-дан лизингке алынған арнайы және ауыл шаруашылығы техникасын қорғау. Пайда алушы — «ӨДҚ» АҚ.

КАСКО лизинговой / залоговой техники
Толығырақ

Жүктерді сақтандыру

Жүкті бүкіл жол бойы тасымалдау кезіндегі қаржылық шығындардан қорғау — автомобиль, темір жол, әуе, теңіз немесе аралас көлікпен. Бір тасымалға 500 млн ₸ дейін.

Страхование грузов
Толығырақ

Мүлікті залалдан сақтандыру

Мүлік бүлінген немесе жоғалған кезде бизнесіңізді қаржылық шығындардан қорғаңыз: жылжымайтын мүлік, жабдық, тауар қорлары, әрлеу және инженерлік желілер.

Страхование имущества от ущерба
Толығырақ

Қауіпті объектілер иелерінің АҚЖМС

Қауіпті өндірістік фактормен үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірілген кезде міндетті қорғау. Шартсыз объектіні пайдалануға тыйым салынады.

ОГПО владельцев опасных объектов
Толығырақ

Міндетті экологиялық сақтандыру

Авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалдың қаржылық салдарынан бизнесіңізді қорғаңыз. Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпті қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен ЖК үшін.

Обязательное экологическое страхование
Толығырақ

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖМС

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру — көліктің кез келген түрімен тасымалдау кезінде жолаушылардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін қорғау.

ОГПО перевозчика перед пассажирами
Толығырақ

Шарт бойынша өнім берушінің АҚЖ

Өнім берушінің жауапкершілігін сақтандыру: айналым қаражатын тартпай мемлекеттік сатып алу аясындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өнім берушілер үшін.

ГПО поставщика по договору
Толығырақ
  • 10.8 млрд тенге Активтер
  • 1991 жылдан бастап нарықта
  • 6.7 млрд тенге Меншікті капитал
  • 5.45 млрд тенге Төлем қабілеттілігінің нақты маржасы

Жеке тұлғаларға арналған сақтандыру өнімдері

Денсаулық

Кәсіби мамандарға

Неге біз?

Қаржылық тәуекелдер

Бизнесті қаржылық шығындардан кешенді қорғау: кредиттік кепілдіктер, кепілгерліктер және күтпеген залалдарды өтеу.

Толығырақ
Іскерлік портфель, банкнот бумалары және қалқан белгісі бар үстел органайзері

Миссия

Компаниялар мен жеке тұлғаларды халықаралық стандарттар деңгейінде сақтандыру арқылы қорғау.

Көк туы бар тау шыңы және оған апаратын пунктир бағыт

Сенімділік

Біз өз міндеттемелерімізді орындаймыз, сондықтан серіктестер мен клиенттер бізге сенеді.

Көк тұғырдағы шыны жұлдыз-марапат

Кәсібилік

Біз алға қойған мақсаттарға жету үшін кәсіби деңгейімізді үнемі арттырып отырамыз.

Сертификатталған мамандардың үлесі, 2020–2025

Жауапкершілік

Компанияның табысы әр қызметкердің адалдығы мен тәртіптілігінен құралады деп сенеміз.

командадағы маман

Компания жаңалықтары

Жиі қойылатын
сұрақтарға жауаптар

Сақтандыру не үшін қажет?

Сақтандыру-бұл, ең алдымен, өмірдегі қолайсыз оқиғалар туындаған жағдайда сіздің қаржылық мүдделеріңізді қорғау. Сақтандыру үлкен қаржылық шығындарды болдырмайды. Тәуекелдерді азайту. Сақтандыру полисінің болуы психологиялық және материалдық қорғауды қамтамасыз етеді, болашақты күтпеген жағдайлардан қорықпай жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сақтандыру компаниясын таңдағанда неге назар аудары керек?

Лицензияның болуы. Сақтандыру компаниясының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болған кезде ғана жұмыс істеуге құқығы бар. Компанияның лицензиясы бар-жоғын gov.kz веб-сайтынан "Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі" бөлімінен тексеруге болады.

Компания тарифтері. Компанияның тарифтеріне назар аударыңыз. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша тарифтер заңнамалық деңгейде белгіленеді. Сақтандырудың ерікті түрлері бойынша тарифтер сақтандыру шартында белгіленеді.

Сақтандыру шарты. Сақтандыру туралы шарт мынадай ақпаратты қамтиды: Сақтанушының Т. А. Ә., сақтандырушының атауы, байланыс деректері, БСН/ЖСН және басқа да мәліметтер.

Нені сақтандыруға болады?

Сіз өмірді, денсаулықты, мүлікті, үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті сақтандыра аласыз.

Сақтандыру шартының қандай талаптарына назар аудару керек?

Сақтандыру жағдайларының тізімі,яғни сақтандыру төлемі төленетін жағдайлар. Сақтандырушы шартта/полисте жазылған және көрсетілген жағдайларда ғана орын алған тәуекелдер мен сақтандыру жағдайлары бойынша ғана өтеуді жүзеге асырады.

Сақтандыру жағдайларынан ерекшеліктер тізімі. Сақтандыру жағдайларынан ерекшеліктерге сақтандырушы сақтандыру төлемін төлемеу құқығын өзіне қалдыратын оқиғалар жатады.

Франшизаның болуы және мөлшері, яғни белгілі бір жағдайларда өтелмейтін залал мөлшері. Франшиза сақтандыру сомасына пайызбен немесе абсолютті мөлшерде белгіленеді.

Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының іс-қимыл тәртібі. Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлаудың мерзімдері мен тәртібі ерекше маңызды. Егер хабарламаның мерзімі немесе тәртібі бұзылса, онда бұл дәлелді және объективті себептер бойынша хабарламау жағдайларын қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға негіз бола алады.

Сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы мәселені қарау үшін қажетті құжаттардың тізбесі. Әдетте, бұл сақтандыру жағдайының мән-жайы мен себептерін растайтын құжаттар.

Кез-келген шарттың талаптарын мұқият оқып шығыңыз. Шартқа қол қоймас бұрын, сақтандыру жағдайы орын алған кезде залалды өтеу рәсімін компанияның өкілінен нақтылаңыз.

Сақтандыру сомасы дегеніміз не?

Сақтандыру сомасы-бұл шарт бойынша сақтандыру компаниясы жауапкершілігінің максималды мөлшері. Басқаша айтқанда, бұл сақтандыру төлемі жасалуы мүмкін шек. Мысалы, егер шартта сақтандыру сомасы 100 000 теңге деп көрсетілсе, ал залал 250 000 теңгені құраса, онда сақтандыру компаниясы тек 100 000 теңгені төлейді.